Орташа дивизионда өзгерістер болды. Бұған дейін үшінші орын алған қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 КО) бірінші орынға көтерілді. Оның артынан британдық Хамза Шираз (21-0-1, 17 КО) және Крис Юбанк кіші (34-3, 25 КО) келеді.
Бұған дейін WBC ұйымның қазіргі орта салмақтағы чемпионы доминикандық Карлос Адамеске (24-1-1, 18 КО) Нұрсұлтановпен жекпе-жекте титулын қорғауды бұйырған болатын.
WBC рейтингіндегі қазақстандық боксшылардың толық тізімі:
- Аса ауыр салмақта <b>Иван Дычко</b> 31-орында қалды.
- Жартылай ауыр салмақтағы рейтингте <b>Бекзад Нұрдәулетов</b> 34-орыннан 35-орынға түсті.
- <b>Әли Ахмедов</b> 13 позициядан айырылып, 26-орынға табан тіреді. Сол салмақта <b>Бек Нұрмағанбет</b> 17-ші болып қалды.
- Орта салмақтағы <b>Мейірім Нұрсұлтанов</b> өз дивизионында үшінші орыннан бірінші орынға көтерілді.
- <b>Садриддин Ахмедов</b> бірінші орта санаттағы рейтингте өз орнын бір сатыға жақсартып, 29-шы орынға тұрақтады.
- WBC Peace белбеуінің иегері <b>Данияр Елеусінов</b> жартылай орта салмақ дәрежесінде 25-орыннан 26-орынға жылжыды.
- Бірінші жартылай орта салмақта <b>Батыр Жүкембаев</b> әзірге 33-орында.
- <b>Сұлтан Зәуірбек</b> екінші жеңіл салмақтағы рейтингте екі сатыға көтеріліп, қазір 28-орынға жайғасты.