Марс бір кездері жылы әрі ылғалды болған — NASA

NASA марсоходының минералды табуы Қызыл планета туралы жаңа ақпарат беріп отыр.


Илюстративті фото: pixabay.com
Илюстративті фото: pixabay.com

NASA-ның Curiosity марсоходы Гейл кратерінде сидериттің (темір карбонатының) едәуір қоры табылғанын анықтады. Бұл — Марстың жылы әрі ылғалды климаттан өткенінен тағы бір дәлел, деп жазады Reuters.

Бұл минерал тығыз әрі көмірқышқыл газына бай атмосфераның болғанын көрсетеді. Мұндай атмосфера жылуды ұстап тұрып, Марс бетінде сұйық судың болуына мүмкіндік берген.

Ашылым көмірқышқыл газының көп бөлігі уақыт өте келе карбонатты жыныстарға айналған деген гипотезаны қолдайды.

3,5 миллиард жыл бұрын қалыптасқан Гейл кратерінің шөгінді жыныстары ежелгі Марстағы көміртек айналымы туралы маңызды мәлімет береді.

Плиталық тектоника көміртекті қайта өңдеуге көмектесетін Жерден айырмашылығы, Марста атмосфераға қайтарылғаннан гөрі көмірқышқыл газы тау жыныстарына сіңетін теңгерімсіз цикл болған сияқты.

Бұл теңгерімсіздік Марстың тіршілікке қолайлы планетадан қу тақырға айналуына басты себептердің бірі болуы мүмкін.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше