«Уэнсдей» сериалының екінші маусымы туралы не белгілі?

2022 жылы жарық көрген «Уэнсдей» сериалы көрермендер арасында үлкен танымалдыққа ие болды. Netflix платформасы жобаның екінші маусымын ресми түрде растады.


Фото: Netflix, «Уэнсдэй» сериалынан кадр
Фото: Netflix/«Уэнсдэй» сериалынан кадр

Екінші маусымның премьерасы 2025 жылдың жазында жоспарланған. Сериал екі бөлімнен тұрады: бірінші бөлім 6 тамызда, ал екінші бөлім 3 қыркүйекте Netflix платформасында көрсетіледі. Бұл туралы DeadLine хабарлады. 

Басты рөлде Дженна Ортега (Уэнсдей Аддамс) қайта оралады. Сондай-ақ, Кэтрин Зета-Джонс (Мортиша), Луис Гусман (Гомес), Эмма Майерс (Энид), және Виктор Доробанту (Тинг) сияқты актерлер де өз рөлдерін жалғастырады. Жаңа маусымда Стив Бушеми, Билли Пайпер, Тэнди Ньютон және Кристофер Ллойд сияқты жаңа кейіпкерлер қосылады. 

Екінші маусымда Уэнсдейдің анасы Мортишамен қарым-қатынасына ерекше назар аударылады. Сондай-ақ, Уэнсдейдің «Невермор» академиясындағы жаңа оқиғалары мен жұмбақтары тереңірек зерттеледі. Сериалдың жаңа маусымы романтикалық желілерден гөрі қорқынышты және мистикалық элементтерге көбірек көңіл бөледі.  

Тим Бёртон екінші маусымның 8 сериясының төртеуін режиссерлейді. Қалған эпизодтарды Пако Кабесас және Анджела Робинсон түсіреді. 

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше