Спортшы еденге жаттығуда жеңіске жетті. Финалдық өнер көрсетуде Мирад Карими 14,133 ұпай жинады. Екінші орын 13,966 ұпаймен болгариялық Эдди Пеневке бұйырды. Үздік үштікті 13,866 ұпаймен Назар Чепурный (Украина) түйіндеді. Бұл туралы ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті хабарлады.
ҰОК әлем чемпионатының бұл кезеңі соңғы кезең екенін атап өтті. Мирад Карими еден жаттығулары бойынша әлем кубогының жалпы есепте бірінші орын алды.
Бұған дейін спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасы Дохада өткен әлем кубогы кезеңінде екі медаль жеңіп алған болатын.