Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда 2 миллион 465 мың зейнеткер бар, олардың ай сайынғы орташа зейнетақысы – 143 622 теңге. Оның ішінде ынтымақты зейнетақы – 95 963 теңге, базалық зейнетақы – 47 659 теңге.
Зейнетақы мөлшерінің артуы индексацияның жүргізілуі мен ел Президенті бастамасымен іске асырылып жатқан ең төменгі және ең жоғары базалық зейнетақыны кезең-кезеңімен арттыру бағдарламасының нәтижесі болды.
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақы 6,5%-ға, ал ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға өсті.
Базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері күнкөріс минимумының 65%-ынан 70%-ына дейін ұлғайып, 32 360 теңгені құрады. Ал ең жоғары мөлшері – 105%-дан 110%-ға дейін өсіп, 50 851 теңгеге жетті.
Базалық зейнетақы мөлшері әр адамның еңбек өтіліне қарай жеке есептеледі.