Каскадерлік трюктер үшін жаңа «Оскар» номинациясы енгізілмек

Каскадерлік трюк үшін алғашқы «Оскар» мүсіншесі 100-ші кинопремия салтанатында табысталады.


Оскар мүсіншесі
Фото: Shutterstock.com

2027 жылдан бастап АҚШ-тағы басты жыл сайынғы кино сыйлығы — «Оскар» аясында жаңа номинация пайда болады. Бұл номинация каскадерлік трюктерді қою саласындағы жетістіктерді марапаттауға арналған

Америка киноөнері және ғылым академиясының мәлімдеуінше, жаңа номинация алғаш рет мерейтойлық 100-ші «Оскар» салтанаты кезінде табысталады.

«Бүгін Киноөнері және ғылым академиясының басқарма мүшелері 2027 жылы шығатын фильмдерге арнап 100-ші "Оскар" рәсімінен бастап, каскадерлік трюктерді қою саласындағы жетістіктер үшін жыл сайынғы "Оскар" сыйлығын беру туралы шешім қабылдады», — деп нақтылады академия өкілдері.

Жаңа номинация бойынша дауыс беру тәртібі мен қатысу ережелері екі жылдан кейін жария етіледі.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше