Алғаш рет Әлия Молдағұлованың ерлігі туралы спектакль қойылмақ

Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.


Әлия Молдағұлова
Фото: wikimedia

Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай, мерген қыздың ерлігі мен өмірі алғаш рет музыкалық пьеса болып өрілмек.

7 мамырда көрерменге жол тартатын мюзикльде Әлияның жарқын бейнесі жан-жақты жеткізіледі. Қойылымдағы ерекше образдың бірі – «Ажал» кейіпкері. Батырдың тағдырымен бетпе-бет келіп, оның рухын сынау арқылы көрсетіледі.

Алғаш рет Әлия Молдағұлованың ерлігі туралы спектакль қойылмақ
Фото: www.gov.kz

Тарихи биографиялық көріністе қаршадай қыздың қайсарлығы мен Отанға деген өшпес махаббаты драмалық тартыстармен беріліп, әсерлі диалогтар арқылы жеткізіледі.

Жаңа мюзиклдің қоюшы режиссері - Есләм Нұртазин. Әлияның рөлін Ажар Жәрденбекқызы және Фатима Бердібекова сомдайды.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше